17:49, 28 Сәуір 2009
Алматыда «Адамдық борышың...» атты Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылардың байқауы өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Алматыда қалалық Білім басқармасы мен Оқушылар сарайы, «Ынсап» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Адамдық борышың...» атты Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылардың байқауы өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты - адамзат дүниетанымына өзіндік ізін қалдырған, қазақ халқының ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан руханиятының көшбасшысы, кемеңгер тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларын насихаттау, жастарға отансүйгіштік тәрбие беру, бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру.3 кезеңнен тұратын байқауға Шымкент, Талдықорған, Алматы қалаларынан 50 оқушы қатысуда. Ал қорытындысы бүгін кешке жарияланады.