Алматыда адамның түр-түсін анықтайтын камера орнатылады
«Сергек» компаниясының өкілдері қала әкімшілігімен пилоттық жобаны жүзеге асыруда өзара келісімге келуде.
«Біз «Сергек» бақылау камераларын орнату жобасын енгізгіміз келеді. Бұл істі бір айдың ішінде тындыра аламыз. Панфилов көшесінің бойында бір ғана қоғамдық бейне бақылау орнатылған. Ол жерге адамдардың түр-түсін анықтайтын функцясы бар камера орнатқымыз келеді. Әкімшілікпен сөзбе-сөз келісімге келдік, енді ІІД-мен бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Шаруа бекітілсе атқаруға дайынбыз», - деді Sergek компаниясының өкілі Қайрат Ахметов.
Осыған ұқсас жүйе Астанада ендігі іске қосылған. Сондай-ақ тұрмыстық заттар дүкенімен бірігіп ұрылар тіркелген ортақ база жасалады. Жаңа жоба сауда үйлерінің кіреберісінде ұрыларды жазбай тануға көмегін тигізбек.