Оны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы ұйымдастырып отыр. Онда көрнекті ғалым, академик Рымғали Нұрғалидың қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағыттарындағы елеулі еңбегі мен қазіргі әдебиет тарихын зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері қарастырылмақ.
Бұл шараға Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден әдебиеттанушы ғалымдар, жазушылар және оқытушылар қатысады деп жоспарлануда. Конференция жұмысы - «Р. Нұрғали және қазақ әдебиетін зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері», «Р. Нұрғали және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеу», «Рымғали Нұрғалидың қазақ драматургиясын ғылыми-теориялық негіздеу еңбектері», «Рымғали Нұрғалидың ұстаздық, дәріскерлік өнегесі» деген бағыттар бойынша жүреді.