Бұл цехте «Adidas», «Reebok» маркаларының аяқ киімдері қолдан тігіліп келген.
Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тексеру қызметінің мамандары жедел тексеру нәтижесінде тігін станоктарын, контейнерлік желі тәркіледі. Сондай-ақ, дайын тұрған 1500 жұп аяқ киім, бренд этикеткалар, аяқ киімнің табандарын тәркіледі.
Бұл цехте 40 жұмысшы жұмыс істеп келген.
Бизнесті ұйымдастырған адам өнімді «Айнабұлақ-2» шағын ауданындағы өзінің дүкенінде, Алматыдағы ірі базарларда сатқан.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 222-бабының 1-бөлімімен қозғалған қылмыстық іс сотқа бағытталды.
Қалалық Мемлекеттік Кірістер департаменті азаматтарды чек бермеу, жалған акцизді таурларды сату бойынша кез-келген көлегейлі экономиканың көріністерін қалт жібермей барынша азаматтық белсенділік көрсетуге шақырады.