16:31, 30 Сәуір 2009
Алматыда «Әділет бәйгесі» құқықтық марафоны өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Таңжарық Ілиясұлы/ - Алматыдағы Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық жасөспірімдер театрында оқушылар арасында «Әділет бәйгесі» патриоттық-құқықтық марафоны өтіп жатыр ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл марафон 2007 жылдан бастап Әуезов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрақты түрде өткізіліп келеді. «Мұндағы мақсат - мектеп қабырғасындағы жасөспірімдердің құқықтық білімін тереңдетіп, патриоттық тәрбие беру, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру», - дейді Әуезов ауданының әкімі Әділ Несіпбаев. Оның айтуынша «Әділет бәйгесі» марафоны өткізілгелі бері Әуезов ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық айтарлықтай азайған.Биылғы жылы шараның 6 кезеңі өткізіліп, оған 36 925 оқушы қатысқан. Бүгінгі қорытынды кезеңге 7 мектептің командалары аталысуда.