«Соңғы жылдары Алматыда отырғызылған ағаш көшеттерінің басым бөлігі Еуропа елдерінен жеткізілген. Бірақ, олар біздің негізгі ботаникалық бақта да немесе жекелеген тәлімбақтарда да сынақтан өтпеген. Бұл қалыпты сұрыпталған өсімдіктерді отырғызу үшін алдымен олардың Алматы қаласының климаты үшін жарамдылығын тексеру қажет», - деді Г. Ситпаева.
Ол сонымен қатар, қала аумағының әр түрлі аймақтарға бөлінгендігін және әрбір аймаққа тән өсімдіктер құрамы болатындығын айтты.
«Мысалы, қаланың бір аймағына ағаштардың жапырақты тұқымы, ал басқа бөлігіне қылқан жапырақты ағаштар тұқымы сәйкес келеді. Біз бұл туралы талай рет айтқанбыз. 2000-шы жылдың басында Алматы әкімдігінің тапсырысы бойынша біз осындай жұмыстарды жүргізген едік. Сонда ағаш көшеттерінің белгілі бір тұқымдарын ғана ұсынғанбыз. Өкінішке қарай, қазір нысандарды тапсыру барысында ағаш отырғызуға мәжбүр болатын компаниялардың жұмысын қадағалау қиын», - деді биология ғылымдарының докторы.
Оның айтуынша бүгінде өкінішке қарай, ағаш көшеттерінің қайдан жеткізіліп жатқандығын ешкім тексермейді. Өйткені, олар ауру немесе өн боында қандай да бір зиянкестер болуы мүмкін.
«Сондықтан, талдардың, өсімдіктердің көшеттерін отырғызар алдын олар сынақтан өтткізіліп, тексерілуі тиіс. Өйткені, көшеттермен бірге өсімдіктердің қандай да бір жаңа ауруы тарауы мүмкін. Сондықтан көшет отырғызарда міндетте түрде ғалымдармен ақылдасқан жөн», - деді Г. Ситпаева.