Алматыда ағашқа соғылған Volkswagen жүргізушісі қаза тапты
23:46, 04 Сәуір 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Volkswagen жүргізушісі талға соғылып көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Жол апаты Сәтбаев көшесі мен Манас көшесінің қиылысында болған.
Көлік рулінен айырылып қалған жүргізуші қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, талға соғылған. Қатты соққыдан ер адам сол жерде тіл тартпай кеткен.
Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.