деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ағайындар» фильмінің премьерасы «Қазақстан» телеарнасында өтіп, қалың жұртшылықтың ілтипатына бөленген болатын.
Енді бұл туынды DVD дискілерде Қазақстанның барлық фирмалық дүкендерінде таратылатын болды.
«Ағайындар» киносының желісі ауылда туып -өскен үш ағайындылардың өмірі төңірігенде өрбиді. Жігіттердің әке-шешесі өз перзенттерін сүйетін қарапайым ауыл адамдары. Ағайындылардың үлкені Шыңғыс жоғары оқу орнын тәмамдап, Алматы қаласына кәсіпкерлікпен айналысуға кетеді. Ортаншы ұл - Қуаныш болашағынан үлкен үміт күттірер мықты спортшы болып өседі. Алайда ол түзу жолдан адасып, қылмыс әлемінің жолына түсіп кетеді. Кенже баласы Бақыт әскерден кейін ата-анасының қасында қалып, ауыл шаруашылығында қалғанды құп көреді.
Фильмнің режиссері Ахан Сатаев. Басты рөлдерді Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Әнуар Нұрпейісов, Айдос Бектеміров пен Майра Омар сомдады.
Автограф-сессия Алматыдағы Гоголь мен Панфилов атындағы көшелердің қиылысында орналасқан «Меломан» дүкенінде, сағат 16.00-де өтеді.