деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрермендер көзайымына айналған «Ағайындылар» фильмін енді жұртшылық «Меломан» сауда нүктелерінен сатып алып, DVD нұсқада көріп тамашалай алатын болды. Тұсаукесерге жиналған көрермендер фильмінің басты кейіпкерлерін ойнаған Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Әнуар Нұрпейісов, Айдос Бектеміров, Майра Омар сынды белгілі актерлердің қолтаңбаларын алды.
«Өздеріңіз білесіздер, отандық бұл киноның мазмұны ауылда туып-өскен ағайынды үш жігіттің өмірі, өсу жолдары туралы. Танымдық-тәлімдік мәні бар фильм бүгінде көрермендер ықыласына бөленді десем болады, оған бізге келіп түскен хаттар мен ой- пікірлер дәлел», - дейді фильмнің режиссері Ақан Сатаев.