Ұйымдастырушылар - Қазақ аграрлық университеті мен «Қазагро» АҚ. Шара Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы, Астана мен Алматы қалалары маңында азық-түлік белдеуін қалыптастыру шаралары аясында өткізілуде.
Семинарда ғалымдардың аграрлық саладағы инновациялық туындылары мен бірлескен жобалардың таныстырылымы, ҚазҰАУ-дың қазақ-жапон орталығы мен ғылыми-зерттеу орталықтарымен танысу жоспарланған. Сондай-ақ семинар қорытындысы бойынша аграрлық ғылыми-өндірістік консорциум құру мақсатында арнайы меморандумға қол қою көзделген.
Басқосуға ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, облыстық әкімшіліктер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, шаруа қожалықтарының өкілдері қатысуда.