Алматыда АИТВ жұқтырғандар ҰҚК қызметкері деген ақпарат шындыққа жанаспайды - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтырған үш адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері емес. Атап айтқанда, жеке деректер туралы, медицина қызметкерінің құпиясы туралы заңы бар екенін ескере отырып, бұл сұраққа жауап бермеуге болар еді», - деді А. Есмағамбетова Үкіметте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұған дейін Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында жатқан 3 науқастан адамның иммундық тапшылық вирусы анықталғанын жазған едік.