Алматыда Ақ Азиадаға қатысушы елдердің БАҚ өкілдері спорттық нысандармен танысуда

АЛМАТЫ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Алматыда VII Қысқы Азия ойындарына қатысушы елдердің БАҚ өкілдері спорттық нысандармен танысуда.

Бүгін үшінші күн қатарынан Алматы қонағы болып жатқан шетелдік журналистер түстен кейін Халықаралық шаңғы трамплинінде өз көзқарастары жөнінде баспасөз мәслихатын өткізеді.

Делегаттар арасында Халықаралық спорт БАҚ-тары қауымдастығы мен Жапония, Қытай, Корея, Катар және басқа да құрлық елдері, сондай-ақ ресейлік БАҚ өкілдері бар.

Бұған дейін белгілі болғандай, Алматыда Ақ Азиада-2011 ойындарында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, «Медеу» биік таулы спорт кешені, шаңғы-биатлон стадионы, «Табаған» спорттық-сауықтыру кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы және Халықаралық шаңғы трамплині кешені жұмыс істейтін болады.