Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне А.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургия орталығының бауыр аурулары хирургиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Манас Сейсембаев хабарлады.
«Бұл оқиға бүгін таңертең болған», - деді М. Сейсембаев.
Оның айтуынша, М. Әлиевпен қоштасу 13 қаңтар күні сағат 10:00-да Алматыдағы Ғылым академиясының ғимаратында өтеді.
Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1957 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1982-1987 жылдары Қазақ КСР денсаулық сақтау министрі, А.Н.Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығының директоры болды.