Алматыда «АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсылық» шарасы өтеді

АЛМАТЫ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін кешкісін Алматыда қазақстандық өнер жұлдыздарының қатысуымен «АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсылық акциясы» атты арнайы концерт өтеді.

Шараның негізгі мақсаты - жастардың назарын АҚТҚ-мен ауыратын адамдарға аудару, өз денсаулықтарын сақтауға үндеу. Концерт ЖҚТБ-мен күрес Республикалық орталығы, АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық-Азиялық желісі, Алматы бизнес колледжі, қалалық Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.