деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ана мен бала денсаулығы мәселесі ең өзекті болып отыр. Соңғы уақытта нәрестелердің денсаулығы қанағаттанарлық емес, репродуктивтілік патология мен экстрагентиялық аурулар жиілеген. 2006-2008 жылдары гинекологиялық аурулар, оның ішінде эндометриоз - 22,9, қабыну дерттері 15,7 пайызға артқан.
«Осы бағытта конференцияны өткізу аса маңызды. Конференция ана мен бала денсаулығын күшейту, өлімді азайту, шетелдік мамандар мен тәжірибе алысып, жаңа технологияларды пайдалану мақсатында өткізіліп отыр», - дейді шараны ұйымдастырушылар.
Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресейдің көрнекті ғалымдары мен дәрігерлерінен тұратын 250-ден астам делегат қатысуда. Мәслихат қорытындысы бойынша репродуктивтілік және перинталдық денсаулықты жақсарту бойынша қарар қабылданбақ.