«Қаладағы автотұрақтар әдеттегідей жұмыс істейді. Төлем тарифке сәйкес алынады. Олардың жұмысын мамандар қадағалайды. Төлемеген жағдайда айыппұл салынады», - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.
Еске салайық, мегаполистің ақылы автотұрақтары қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылған болатын.
Қазір оларды бірыңғай оператор – «Алматы автотұрағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басқарады.
Бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев автотұрақ ақысы көтерілетіні туралы айтқан болатын.
Оның бағасы орналасқан ауданға байланысты болады.
19:59, 03 Мамыр 2023
Алматыда ақылы автотұрақ қайта жұмыс істей бастады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Қалалық автотұрақ штаттық режимде жұмыс істей бастады. Төлем тарифке сәйкес алынады, деп хабарлайды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.