Бұл тендердің ережесін қалалық әкімдік 2011 жылдың қараша айында жасап, бекіткен болатын. Аталмыш шара барысында тұрақтарды ұйымдастыруды бірыңғайлыққа көшіру, сапалы қызмет көрсету, жол қозғалысы қапуіпсіздігін сақтау, Алматы қаласы аумағында ауаның ластануын азайту сынды нақтылы міндеттер жүзеге асатын болады.
Тендерлік құжат 29 лоттан тұрады. Жеңімпаз әр лот бойынша анықталады. Оған лотта көрсетілген сеніп басқару келісімі бойынша автотұрақ үшін жер бөлініп, оны абаттандыру, қажетті қондырғылармен жабдықтау құқы беріледі. Сондай-ақ оның ақылы автұрағына өз көлігін қойған автокөлік иесі тұрақты пайдаланған бір сағат үшін 100 теңге көлемінде ақы төлейді. Автұрақ - жол белгілері, жол қозғалысы ережесінде көрсетілген ақпараттық нұсқаулар, видеобақылау жүйесі, ақы төлеудің электронды жүйесі (паркоматтар),ақпараттық стенділер (таблицалар), автотұрақ жөніндегі толық мәліметтер, тариф, ақы төлеу, жеңілдікпен тұрақты пайдаланушылар дәрежесі сияқты қажетті заттармен жабдықталуы тиіс.
Автотұрақтарды Ұлы Отан соғысының мүгедектері, соғыс ардагерлері, оларға теңестіріліген тұлғалар, І және П топ мүгедектері, өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүргендердің қызметтік мемлекеттік нөмірлік белгілерінің иелері ақысыз пайдалана алады.