АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Сәби болғым келеді» атты концерт өтті. Кеш белгілі сазгер, композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кешке қазақтың дәстүрлі әншілері мен өнер майталмандары жиналды.
Олар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев пен әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың өлеңдері мен әндерін орындады.
Еске алу концертін қалалық мәдениет басқармасы және Семей қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Айта кетейік, биыл 90 жылдығы аталып жатқан Мұқағали шығармашылығын кең дәріптеген композитор Тұрсынғазы Рахимов ақиық ақынның 35 өлеңіне ән шығарған.
Елдің жүрегінен орын алған әнші-композитор артынан 100-ге тарта ән-мұра қалдырды.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.