Мәслихаттың шешіміне тиісті өзгерістер енгізу туралы құжат электронды үкімет порталында жарияланды.
«Шығыс айналма жолынан, әл-Фараби даңғылынан, Саин, Жандосов көшесінен жоғары аймақта салынатын ғимараттың биіктігі үш қабаттан немесе 12 мтерден аспауы керек. Бұл талап әлеуметтік маңызы бар халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау, білім, мәдениет және туризм саласындағы ғимараттардан басқаларына толық жүреді», - деп жазылған жаңа құжатта.
Бұған дейінгі регламентте ғимараттардың астында паркинг болған жағдайда көлемі 15 метрден аспауы керек деген талап болған.
Сонымен қатар, бұл ереже жүрмейтін ғимараттардың қатарына мәдениет және туризм нысандары да қосылды.
Аталған құжатты қоғамдық талқылау 25 наурызға дейін жалғасады.