Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін жекпе-жек кешін Орта Азиядағы ең үздік промоушендердің бірі «Alash Pride FC» ұйымдастырып отыр.
Аталмыш додаға Қазақстан, Бразилия, Грекия, Ресей, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің сегізбұрышта сұрыпталған ең мықты жекпе-жек шеберлері қатысады.
Сондай-ақ, тура осы күні Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде аралас жекпе-жек түрлерінен WFCA 35 турнирі өтеді. Бұл туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Елорда төрінде өтетін жекпе-жек кеші аясында жиырма жұп өзара күш сынасады. Турнирдің басты айқасы жеңіл салмақтағы Хусейн Халиев (Грозный, «Ахмат» клубы) пен бразилиялық Вальмир Лазаро арасында өтпек.