Айта кетейік, Алау эстафетасы мына бағдар бойынша жүреді:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ - Тимирязев көшесі - Манас көшесі - Абай даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Гоголь көшесі - Сейфуллин даңғылы - Төле би көшесі - Достық даңғылы - Абай даңғылы - Байтұрсынов көшесі - Сәтпаев көшесі - Достық даңғылы - Республика алаңы.
Бұл бағыттар бойынша көлік қозғалысы сағат 10.00 ден 14.00-ге дейін шектелетін болады.
«Алау эстафетасы көшелердің басым бөлігімен өтетіндіктен автобус бағыттары өзгермейді. Автобустар Алау эстафетасы өтетін бірқатар жерлерде тоқтатылады. Осылайша, жоғарыда аталған учаскелерде әр бағыт бойынша көліктер орташа 5-10 минут қана кідіреді», деп хабарлады қала әкімдігі.