Қазіргі уақытта М. есімді азамат осындай 10 қылмыстық іске барды деген айып тагылып отыр.
«Бір қызығы, ол біздің ауданда ғана өз айласын іске асырып отырған. Тергеу жұмыстары көрсеткендей, адамдар оның әр сөзіне сеніп, денсаулығы нашар адам алаяқтық іске барады деп те ойламаған. Бұл азамат осы әрекетті пайдаланып жарты жылдай мерзімде жұртшылықты алдаумен келген. Бүгінгі күні оның істерінің бәрі дәлелденді. Сонымен қатар ол тек тоғыз қылмыстық істі мойындап отыр», дейді Алмалы аудандық ІІБ бастығының орынбасары, подполковник Болат Мұханбетов.
Өзінің жазаланбайтындығына сенген мүгедек сот алдына баруға қарсылық көрсетпеген. Сондай-ақ тергеу барысында алаяқтық жолмен алған қаражаттардың барлығын есірткіге жұмсағанын жасырмаған.
«Мүгедек ұрлық пен есірткі затын сақтағаны үшін бұрын да істі болған. Бостандыққа шыққанымен де өз өмірін қалыпқа келтіре алмаған. Біздің пайымдауымызша, зардап шегушілердің саны көп болуы мүмкін», дейді Б. Мұханбетов.