Алматыда алаяқтықпен айналысқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше адамды сазға отырғызған Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір оған қатысты Әуезов аудандық Ішкі істер басқармасында 2 қылмыстық іс қозғалған.

«Өзбекстан азаматы бола тұра ол ұқсас адамның куәлігін көрсетіп, өзін контейнер жеткізетін фирманың өкілімін деп таныстырған. Адамдардан ақша алып, кейін уәде еткен тапсырысын орындамай кеткен. Қазір ол уақытша қамау оқшаулағышына қамалды», - деді Әуезов аудандық Ішкі істер басқармасы Каменск полиция бөлімінің басшысы Арман Ералиев.

Күдіктінің өзі адамдардың келісімнен бас тартып, ақшасын қайтаруды сұрағанын айтып жалтаруда.

«Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Егер, оның арбауына түскен адамдар болса, 254-44-61, 254-44-64 телефондарына хабарласуын өтінеміз», - деді подполковник Ералиев.

Соңғы жаңалықтар