Алматыда алдағы 2 айдың ішінде жаңадан 2 мұражай ашылады

АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ғылым академиясында Ғылым ордасы ашылды.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімшілігінде Халықаралық мұражайлар күніне орай ұйымдастырылған алқалы жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

««Ғылым академиясы ғимаратында алдағы 2 айдың ішінде 6 мұражай орын тебеді. Оның екеуі шілде айына дейін жаңадан ашылатын болады. Олар - Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Ғылым тарихы мұражайы мен Сирек кітаптар мұражайы», дейді Археология мұражайының директоры Роза Әбутәліпқызы. Оның айтуынша, Ғылым ордасында алдағы 2 айдың ішінде қоныс тебетін 6 мұражайдың қатарына міналар кіреді: Кешеннің мемориалдық мұражайы, Қаныш Сәтбаев мұражайы, Археология мұражайы, Ғылым тарихы мұражайы және Сирек кітаптар мұражайы.