Онда егде жастағылар бір-бірімен әңгіме шертіп, өздерінің жастық шақтарын еске алады. Сүйікті әндерінің ырғағымен би билеп, баян әуенімен ретро-әндер орындайды. Шараны одан әрмен аудандағы жоғары, орта және арнайы оқу орындары жастарының «Студенттер достастығы» атты би кеші жалғастырады.
Сонымен бірге, бұл жерде студенттердің «Біз - есірткіге қарсымыз» және «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акциялары өтуде. Онан соң апта бойы өткен мини-футбол, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» инттеллектуалдық ойыны және қазақша КТК ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады.
14:21, 16 Қазан 2010
Алматыда алдыңғы ұрпақ өкілдерінің «Бақыт саябағы» мерекесі өтуде
АЛМАТЫ. Қазанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы «Фэмили» паркінде Әуезов ауданы әкімі аппараты қарт адамдар айлығы аясында «Бақыт саябағы» мерекесін өткізіп жатыр.