Алматыда әлемдік Intel компаниясының мамандары қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуда

None
АЛМАТЫ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыға әлемдік IT-индустрия көшбасшыларының бірі Intel компаниясының өкілдері келді. Олар бұнда қазақстандық ІТ мамандарға арналған семинар өткізбек.

«Іntel IT Galaxу» деп аталатын семинар қазақстандық IT-мамандар, IT-менеджерлер, IT-директорлары, жүйелік әкімшілерге арналған. Шара барысында Intel-дің жетекші мамандары соңғы ІТ шешімдермен таныстырып, бағдарламалық шешімдері компанияға енгізу жолдарымен бөліседі. Атап айтқанда Intel-дің серверлік өнімдері, соңғы үлгідегі Intel® Xeon®, Intel® CoreTM процессорлары, компьютерлік паркті басқару үшін Intel® vProTM технологияларын енгізу жолдарын отандық ІТ мамандары үйренетін болды. Сондай-ақ Іntel-дік сарапшылар қазақстандық әріптестеріне өз тәжірибелерін үйретпек.

«Бұл семинар қазақстандық ІТ мамандарының жұмысына үлкен көмек болады деп сенемін. Өйткені, олар біздің компания мамандарымен танысып, ең қиын ІТ шешімдерді жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын, тәсілдерін үйрене алады. Біз Қазақстанда ІТ саласының қарқынды дамуын көре отырып, сондай-ақ өз әріптестерімізге тәжірибе алмасу тұрғысында алаң жасауды мақсат етіп, бүгінгі семинарды өткізіп отырмыз»,- дейді Intel-дің корпоративтік бизнестегі маркетинг бөлімінің жетекшісі Денис Маторин.