Алматыда әлемдік классика мен қазақ композиторларының танымал әндері шырқалды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында «Ұлы дала сазы» мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған консерватория солистері мен ұжымы қазақ композиторлары мен әлемдік классиканың танымал әндерін шырқады. Сонымен қатар, Отан, махаббат туралы әндерді де орындап, көрермен көңілінен шықты.

 

«Ұлы дала сазы» мерекелік кешін шаң-қобыз ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлфайруз Далбағай ашты.

Дирижер Ян Рудковскийдің жетекшілігімен консерваторияның аралас хоры қазақстандық композитор А.Әбдінұровтың «Қуырмаш», О.Хромованың «Отан» шығармаларын орындады.

 

Сондай-ақ, кеште скрипкашылар ансамблі мен қобызшылар, жетігеншілер және баянда күй тартысқан шеберлермен  қатар, халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары Марина Алтухова, Анна Мельникова, Нұрболат Исаев пен Ерғали Ағайдаровтар өнер көрсетті. 

 

Соңғы жаңалықтар