Шараның ұйымдастырушылары - Алматы қаласының Ақпарат және сауда орталығы, «Арго» азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы және Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі.
Семинарға әкімшілік департаменттерінің өкілдері, Алматы қаласы әкімінің тұсындағы қоғамдық кеңестің мүшелері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ-ның өкілдері мен сарапшылар қатысуда.
Іс-шараның мақсаты- қоғамдық кеңестің қамқорлығымен қалалық деңгейдегі бағдарламаларды бағалау технологиясын қалыптастыру және қабылдау болып табылады.
Семинар барысында Алматы қаласы Әкімінің тұсындағы Қоғамдық Кеңес қалалық бағдарламаның үш компонентін бағалауды жүзеге асырады. Қоғамдық кеңестің бұндай функциясы қалалық бағдарламаның сапасын арттырып, жаңа бағдарламаларды әзірлеуде халықтың қажеттіліктерін ескеретін болады.
«Бұл жерде бағалау - бақылау институтының бірі емес, керісінше дамытушы функциясына қол жеткізеді. Әсіресе, бағдарламаны бағалау халық пен жетекші сараптамашыларды тарту арқылы, олардың ой-пікірлерін білу арқылы жасалса, онда аталмыш шара оң нәтиже берері сөзсіз»,-дейді шараның ұйымдастырушылары.
Қоғамдық кеңес бағалаудың нәтижелерін іске асырып, қала деңгейінде сәйкестендірілген шешім қабылдайтын болады. Семинарда алынған іскерлік дағдыларды қатысушылар болашақта қолданысқа енгізеді.
Шара барысында алғаш рет «2011-2015ж.ж. арналған Алматы қаласын дамыту бағдарламаларының» үш компонентін бағалауға бағытталған оқыту кешені ұйымдастырылатын болады.
Семинар 16-шы қыркүйекке дейін жалғасады.