деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара желтоқсанның 5-і - Халықаралық еріктілер күніне арналған. Бұл күндері күніне екі фильмнен жақсылық, рақымшылық, қайырымдылық, көмек көрсету, өз бас пайдасынан бой тарту сияқты адами қасиеттер туралы кинолар ұсынылады. Сонымен қатар, жаңа бастаушы алматылық фотосуретшілердің ең үздік жұмыстары слайд-шоу түрінде көрсетілетін болады. Сондай-ақ бұл күндері «Black&White», «D-Family», «Fusion Cafe», «Alatau Jam», «Baccardi» топтары өз өнерлерін көрсетеді. Көрсетілімдер мен концерт «CINEMA BAR» және «BAR CHUKOTKA» клубында болады. Концерттерден түскен барлық қаражат 2007 жылы дүниеге келген екі жастағы Данияр Байшыбұловты емдеуге жұмсалмақ. Оның екі көзінің ісігін алуға операция жасату қажет.
Аталмыш шараны «Komanda SOS» еріктілер ұйымы мен «Seimar Social Fund», БҰҰ Еріктілер бағдарламасы ұйымдастырады.