Алатау ауданындағы «Томирис» шағын ауданында белгілі бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік көмек пунктінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанның с ыйымдылығы 143 төсек-орын. Жалпы ауданы 4,5 мың шаршы метр.
«Пункттің құрылысы белгілі бір тұрғылықты жері, кәсібі мен қаражаты жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және Алматы қаласының қоғамдық тәртібін нығайту үшін көзделеді», - дейді Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев брифинг барысында.
Сонымен қатар, ол аталған мекеменің басты міндеті - қиын жағдайға тап болған адамға төсек-орын беру ғана емес, оны бейімдеу және қалыпты өмірге қайтару екенін тілге тиек етті.