Алматыда әлеуметтік осал топтағы азаматқа қандай қолдау көрсетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатына жататын 315 мың азамат тұрады. Аталған тұрғындарды қолдау аясында тарифтерді көтеру үшін өтемақы төленеді. Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, осы мақсаттарға бюджеттен 2023 жылдың соңына дейін 3,3 млрд теңге бөлінеді. Өтелім тариф өсімінің барлық айырмашылығын жабады.

«Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатына жататын 315 мың азамат тұрады. Аталған тұлғаларды қолдау аясында біз тарифтерді көтеру үшін өтемақы төлеуді жоспарлап отырмыз», - деп нақтылады Асқар Әмрин.

Өтемақы сумен жабдықтау, су бұру, газ, жылыту сияқты қызметтердің 12 түрі бойынша тарифтердің көтерілу айырмашылығын жабатын болады.

«Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Инвестицияларға айырбастау тарифі бағдарламасына көшу аясында коммуналдық қызметтер бағасының шамалы өсуі жыл сайын жылумен жабдықтау коммуникацияларын 2-2, 5%-ға, сумен жабдықтау 2%-ға және электрмен жабдықтау 1,2%-ға жөндеуге және өзгертуге мүмкіндік береді. Осылайша мегаполистің тұрғындары сапалы инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі», - деді Асқар Әмрин. Өтемақыға құжаттарды аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қабылдайды. Төлемдер өтініш берушілердің шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы түсетін болады.

Мысалы: пәтері 40 шаршы метр болатын азаматтарға тарифтердің өсуі 110%-ға 60 шаршы метр – тарифтердің 90%-ы, 70 шаршы метр тарифтердің 80%-ы жабылады. Осы ережелер жыл соңына дейін қолданыста болады, одан әрі ұзарту Алматы қаласының 2024-2026 жылға арналған бюджетін әзірлеу кезінде қаралады.

Алматы қаласы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары санаттарына жататындар:

ҰОС арадгерлері – 54 адам. (0,02%); басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-әрекеттердің ардагерлері - 2978 адам (0,94%); ҰОС ардагердлеріне теңестірілгендер – 1538 адам (0,48%); Бірінші және екінші топтағы мүгедектер – 28 433 адам. (8,9%); Мүгедек баласы бар отбасылар немесе оларды тәрбиелеушілер – 8591 адам (2,71%); «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталғандар, көпбалалы аналар – 35 562 адам (11,2%); Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, – 534 адам (0,16%); жасы бойынша зейнеткерлер – 237 740 адам (75,1%).

Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы шеңберінде коммуналдық қызметтер тарифі өзгеретіні туралы айтқан еді.

Оның сөзінше, департамент табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің сумен жабдықтау және су бұру, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау, электр энергиясын беру қызметтері бойынша қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тарифтерді өзгертуге өтінімдерді, сондай-ақ электр энергиясын жабдықтау бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарламаны қараған.

«Алматы Су» ШЖҚ МКК сумен қамту қызметінің тарифі, орташа тариф судың текше метрі үшін 63,08 теңгеден 88,09 теңгеге дейін көбейді.

«Тұрғын ауданы 30 м2 болатын 1 бөлмелі пәтерді суық сумен жабдықтау бойынша 43 теңге және кәріз үшін 41 теңге болды. Тұрғын ауданы 55 м2 болатын 2 бөлмелі пәтерді суық сумен жабдықтау бойынша 65 теңге және кәріз үшін 60 теңге. Суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын ауданы 70 м2 болатын 3 бөлмелі пәтерді қамту 86 теңге және кәріз үшін 81 теңге», - деді Әсел Бөденеева.

Жылыту кезеңінде үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін артық төлем: тұрғын ауданы 30 м2 болатын 1 бөлмелі пәтерге - 1 032 теңге; тұрғын ауданы 55 м2 болатын 2 бөлмелі пәтерге - 1 989 теңге; тұрғын ауданы 70 м2 болатын 3 бөлмелі пәтерге - 2 402 теңге, оның ішінде ыстық сумен жабдықтау бойынша 90 теңге көлемінде.