деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Есте қалған галерея» деректі фильмінде Алматы қаласында тіршілік кешкен өнер мен мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер мен ғалымдар жайлы сөз болады. Онда жүзден астам мемориалды тақталардың авторы Павел Шорохов осынау бір мәдениет жанрының тарихы туралы ой толғайды. Ал Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының 2009 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында әзірленген бейнероликтер - «Алматы - біз өз балаларымызды қамқорлыққа аламыз», «Алматы еліміздің рухани және мәдени орталығы», «Алматы қаласын жақсарта түсеміз», «Алматы - Қазақстанның ғылыми және танымдық орталығы», «Алматы - біз әлемнің спорттық жетістіктеріне куә боламыз» деген тақырыптарды қозғайды. Онда демография, мәдениет, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық, көлік кептелісі мәселелері мен Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті туралы сөз болады.