«Қаланың экологиясын жақсарту үшін біз электр көлігін енгіземіз. Электр автобусын құрау бойынша Қазақстан-Германия-Гонконг зауыты ашылды. Алматыдан шыққан алғашқы 10 автобус таяу күндері іске қосылатын болады», - деп жазды өзінің twitter-дегі парақшасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Сондай-ақ, ол соңғы екі жылда Алматы автобус паркі 80%-ға жаңартылғанын атап өтті.