Тараптар гендерлік аспектілер жөніндегі алғашқы ұлттық курсты бітімгерлік даярлау орталығының базасында өткізу жоспарларын талқылады. Кездесу барысында курстың бағдарламасы, оны өткізу мерзімі және ұйымдастыру мәселелері жан-жақты қаралды.
Орталықтың бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин қонақтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, гендерлік аспектілер бойынша курс халықаралық әріптестерді анағұрлым қызықтырып, болашақта қазақстандық орталықты барынша білуге ықпал етеріне сенім білдірді.
Гендерлік теңдік мәселелері – жалпы БҰҰ-ның бітімгерлік қызметінің және оның ішінде ұлттық контингенттерді даярлау процесінің өзекті әрі ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасы әлемдік тенденцияларды ескере отырып, әрдайым әскери қызметші әйелдерді бітімгерлік миссияларға қатысуға жібереді.