Алматыда алғашқы жартыжылдықта азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 103,2 пайызды құрады

АЛМАТЫ. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда алғашқы жартыжылдықта  азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 103,2 пайызды құрады. Бұл    бүгін   қалалық әкімшіліктегі алғашқы 6 айдың  әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылауға арналған кеңейтілген мәжілісте айтылды,

      деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Өндірушілермен және сауда ұйымдарымен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұтыну бағаларының индексі  1-ші жартыжылдықта 104,6 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмен. Биыл  азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 103,3 пайыз болды. Былтыр ол 109 пайызды құраған еді. Қала тұрғындарының тұтынушылық  сұранысы мен  азық-түлік қауіпсіздігін қолдауда оның маңызы зор", дейді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының төрайымы Лариса Васильева. Оның сөзіне қарағанда, алғашқы жартыжылдықта қалада азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,2 пайыз,  ақылы қызмет тарифі 4 пайызға қымбаттаған.Ал өткен жылы ол 5,6 пайызды құраған болатын.