деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, дегенмен маусым айында қайтадан оң өзгерістер байқала бастаған. Мәселен, мамыр айымен салыстырғанда негізгі капиталға шаққанда инвестициялық өсім 71,6 пайызға ұлғайған.
"Алғашқы жартыжылдықта өнеркәсіп өндірісі 20,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 20,5 пайызға төмендеді. Ал электр қуаты, газ және су өндіру 15,7 пайызға кеміді. Қазір 69 кәсіпорын жарым-жартылай ғана жұмыс жасап жатыр. Оның негізгі себебі - тапсырыстың жоқтығы және өнімге деген сұраныстың төмендеуі болып отыр. Осыған қарамастан маусым айында мамыр айымен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 5,2 пайызға, ал тоқыма өнімдері 22 пайызға артты", дейді Л. Васильева. Экономика және бюджетік жоспарлау басқармасы төрайымының айтуынша, өндірістік спектордағы жалпы ахуал ішкі сауда айналымына өз ықпалын тигізіп отыр. Алғашқы жартыжылдықта ол 14,3 пайызыға дейін төмендеді. Бұл негізінен минералдық және мал шаруашылығы өнімдері экспортының азаюынан туындап отырған жағдай.