Алматыда Алмалы аудандық әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Алматыда Алмалы аудандық әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты,

деп   хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінің  баспасөз қызметінен.

Жексенбі күні сағат  18.23-те  Әуезов  ауданы бойынша Зейнетақы төлеу  жөніндегі мемлекеттік  орталықтың  Алматы филиалы  жалдайтын   үш қабатты ғимараттың  кабинеттерінің бірінде  жиһаз  бен  терезе жақтауы  өртенді.   Жалын тілі  4 шаршы метр аумақты шарпыды.  Құрбан болғандар мен  зардап шеккендер жоқ.   Өрт  Төтенше  жағдайлар жөніндегі  департаменті  өрт сөндіру қызметінің күшімен   сөндірілді.