Алматыда Алмалы ауданы әкімінің есептік кездесулері басталды
Бүгін аудан әкімі №34 мектепте кездесу өткізеді. Мұндай шараның негізгі міндеті - аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнату және мәселелі сұрақтарды анықтап, дер уақытында тиімді шешім қабылдау болып табылады.
Есептік кездесуде қатысушыларға ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған әлеуеті таныстырылады. Жиында аудан тұрғындарының ұсыныстары қаралып, туындаған мәселелер шешілмек.
Азаматтарды қабылдау 22 қаңтарға дейін өтеді. Аудан әкімшілігінің хабарлауынша, әкім аудан тұрғындарымен 18 қаңтар күні - ҚР Кәсіподақтар федерациясы одағында, 19 қаңтарда - №79 мектепте, 20 қаңтарда - "Глобус" кинопаркінде, 21 қаңтарда - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, 22 қаңтарда - М.Тынышбаев атындағы Қазақ ұлттық көлік және коммуникация академиясында кездесулер өткізеді. Кездесулердің барлығы сағат 15.00-де басталады.