деп жазады «Айқын газеті.
«Дәл осы концерт ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астана қаласында өткен болатын. Сол бағдарламаны еліміздің Оңтүстік астанасында қайталау қажеттігі туып, күрделі жөндеуден кейін енді ғана тұтынуға берілген Республика сарайында беруді жөн санадық. Қазіргі таңда осы үлкен шараға қызу дайындық үстіндеміз. Бұл кештің бір ерекшелігі ретінде концертке Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің қатысуын атап өтер едім. Өйткені өзім осы оркестрде 42 жыл бұрын домбырашы болып қызмет еткенмін. Міне, осы үлкен ұжыммен бірігіп, Бағдат Сәмединова «Сағындым Кенен атамды» әнін орындайды. Әнді оркестрге өңдеп түсірген менің ұстазым Нұрғиса Тілендиев болатын. Бұл туынды күйшінің қолтаңбасы қалған үлкен мұра қатарында тұр. Кеште, сонымен бірге құлын тайдай тел өскен досым - Қаршыға Ахмедияровқа арнаған «Қаршыға толғау» деген күйім орындалады. Бұл туынды оркестрдің орындауымен халыққа тұңғыш рет жол тартпақшы. Бұдан басқа да көптеген әндер оркестрдің сүйемелдеуімен шырқалатын болады»,- дейді Алтынбек Қоразбаев.