АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуірдің 20-сы мен 24-і аралығында бокстан ҚСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген бапкері Амалбек Тшановтың жүлдесіне арналған V халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спорттық және ақпараттық ХАБ-тың таратқан мәліметіне сүйенсек, жарыс республикалық спорт колледжінің жеңіл атлетика манежінде өтеді. Турнирдің басты мақсаты боксты жастар арасында дамыту және оларды спорт шеберлігіне дайындау.
Турнирге тек спорт шеберлігіне үміткер 2000-2001 жылғы туған жас боксшылар ғана қатыса алады. Олар 10 салмақ дәрежесі бойынша 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, 91 өзара мықтыны анықтайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және бағалы сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар, «Турнирдін үздік боксшысы» және «Үздік төреші» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.