Акция тамыздың 25-інен қыркүйек айының 15-іне дейін өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара әр қазақстандыққа бұл өзекті мәселе туралы білуіне ықпал етіп қане қоймай, ана өлімі көрсеткішін азайтуға үлесін қосуға мүмкіндік туғызады.
Шараның мақсаты- Алматы перинатальды орталықтың ересектерге арналған реанимациялық бөліміне медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Бүгінде бұл орталық еліміздегі жүкті әйелдерге жоғары деңгейлі акушерлі-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсететін бірден-бір медициналық мекеме болып табылады.
Шара аясында, сондай-ақ, "Мега" сауда ойын-сауық орталығында қыркүйектің 12-і күні қол өнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Қала жұртшылық назарына жас дизайнерлер мен қол өнер шеберлерінің туындылары ұсынылатын болады. Сонымен қатар, көрме барысында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі концерт пен шоу-бағдарламалар жоспарланған.
Сатылымнан түскен қаржылар мен келушілер мен қатысушылар тарапынан түскен ерікті көмектер қайырымдылық мақсатына берілетін болады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда ана өлімі әлі де жоғары деңгейде. "2009 жылғы көрсеткіштің нәтижесі бойынша 36,9 пайызды құрап отыр. Босанушы 100 мың әйелдің 133-і дүниеден өтуде. Ана өлімінің 62 пайызын алдын алуға болар еді. Өкінішке орай, отандық медициналық мекемелердің 57 пайызы ғана жақсы жабдықталған", дейді ұйымдастырушылар.