Алматыда «Ана тілі» аруы» байқауы өтеді

АСТАНА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, маусымның 27-сі күні Алматы қаласында дәстүрлі «Ана тілі» аруы» байқауы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл жетінші рет өткізілгелі тұрған бұл шара «Әдемі-Ай» этнографиялық мәдени-танымдық журналының ұйымдастыруымен, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылығы «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Аталған жоба ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді, рухани байлығымызды дәріптеу мақсатын көздейді.