Оған химия саласының отандық және шетелдік ғалымдары мен мамандары, ҚазҰУ-дің химия факультетінің студенттері қатысуда.
Екі күнге созылатын конференцияда химия ғылымы мен өнеркәсібі өзара әрекеттесуінің мәселелері, әлемдік тенденцияларға сай химия ғылымы мен анорганикалық материалдар технологиясының даму деңгейі, жаңа перспективалы материалдар алу, экологиялық мәселелерді шешу жолдары сынды өзекті тақырыптар талқыланатын болады.
Ашылу салтанатында ҚазҰУ-нің бірінші проректоры Мұқамбетқали Бүркітбаев: «Әбікен Бектұровтің химия саласына қосқан еңбегі зор. Ол химия саласы бойынша кандидат ғылыми атағын алған тұңғыш қазақ», - деп атап өтті.
Бүгін Санкт-Петербор мемлекеттік технологиялық институтының профессоры Виктор Гусаров «АЭС жүйесін қауіпсіздендіруде жаңа бейорганикалық материалдар. Оларда жасау, енгізу» деген тақырыпта баяндама жасады. Атом электр стансасын қауіпсіздендіру бүгінде әлем алдында қызығушылық танытып отырған өзекті мәселе болғандықтан, конференция қатысушылары бұл тақырыпқа белсене араласты.