Алматыда апат салдарынан жеңіл көлік өзенге құлауға шақ қалды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатында екі жол талғамайтын көлік соқтығысты. Луганский көшесімен төмен қарай бағытпен келе жатқан Мерседес Гелендваген көлігі тежегішті дер кезінде баса алмай алдындағы SsangYong көлігінің артынан соққан.

Қатты соққы Мерседесті кері айналдырып жіберсе, Сан Енг автомобилі қарама-қарсы беттегі тротуарға шығып кетіп, өзенге құлауға шақ қалды.

Жол апаты салдарынан тар көшеде бірнеше сағатқа созылған кептеліс орын алды.

Бір тәуірі, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.