Синоптиктердің болжауынша, 4-7 желтоқсан аралығында Алматыда ауа температурасы 3 градусқа дейін жоғарылап, түнде -10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 8-9 желтоқсан демалыс күндері қайтадан соңы қарға ұласатын жауын-шашын болжанып отыр. Бірақ күндізгі температура 5 градус болып, түнде 2 градусқа дейін төмендеп, күн жылы болмақ.
Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның əсерінен жауын-шашынсыз аяз болады деп болжап отыр. Тек солтүстіктің кей аймағында қар жауып, боран соқса, оңтүстік-шығыс пен батыста тұманның түсуі мен желдің күшеюі жалғаса бермек. Алматы мен Алматы облысының кей аймағында тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.