Алматыда апта сайын жеңілдетілген бағамен жәрмеңкелер өтуде

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыда апта сайын, қыркүйек айынан желтоқсан айының аяғына дейін азық-түлік жәрмеңкелері өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған жәрмеңке апта сайын, демалыс күндері сағат таңғы 9.00-дан бастап жұмыс істеуде.

Қалада азық түлік жәрмеңкесі қайта жанданып, мұнда сүт-ет және басқа да азық-түлік өнімдері базардағыдан 15-20 пайызға төмен бағада сатылуда. Мысалы, 1 кг. сиыр еті - 600 тг., 1 кг. жылқы еті - 800-850 тг., 1 кг. картоп - 50 тг., 1 кг. сәбіз - 40 теңге тұрады. Мұндағы барлық өнімдердің сапа жөніндегі сертификаттары бар, санитарлық- ветеринарлық тексеруден өткен.