Синоптиктердің болжамынша, 15 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с .
Ауа температурасы түнде 23 25 °С, күндіз 33 35 градусқа дейін көтеріледі.
16 шілде: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21 23, күндіз 31 33 ыстық болады.
17 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21 23 градус жылы, күндіз сынап бағансы 33 35 дейін көтеріледі.
18-19 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 25 27 градус жылы, күндіз 36 38 градус ыстық.
20 шілде: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 23 25, күндіз 32 34 ыстық болады.
21 шілде: көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші - 3-8 м/с.
Ауа температурасы түнде 23 25, күндіз сынап бағанасы 32 34 көрсетеді деп болжануда.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.