Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ыстық ауа райы өте қауіпті екенін хабарлайды. Ол әсіресе жүрек қан-тамырлары, артериалды гипертониямен ауруларымен ауыратындар үшін қауіпті, олардың инфаркт, инсульт алу қаупі бар.
Серуеннен бас тартып, белсенді қимылдамауға тырысыңыз. Артериалды гипертониямен науқас адамдар дәрігерлердің кеңестерін жіті қадағалап, қажетті дәр-дәрмектерді қабылдап жүрулері керек.
«Артериалды гипертониямен ауыратындар ұдайы артерия қысымын тексеріп жүргені дұрыс. Қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпеуі үшін далаға шықпауға кеңес береміз»,-деп мәлім етті Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.