деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық бұл турнирді осындай жекпе-жек матчтарын ұйымдастыруға ұйтқы болып жүрген ережесіз жекпе-жектен Әлемнің 3 дүркін және Еуразия құрылығының бірнеше дүркін чемпионы Ардақ Назаров.
«WAFC-тың қолдауымен өтетін бұл дүбірлі додаға Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Беларус, Литва мен Жапониядан 14 спортшы қатысады. Оның біреуі титулдық жекпе-жек, ал жетеуі рейтингтік кездесу. Оған сәуірдің 26-сы күні Республика сарайында өткен алғашқы халықаралық турнирде өз қарсыластарын тізе бүктірген қазақстандық 8 спортшы қатысады", дейді Ардақ Назаров. Бұл турнирді "Алматы" телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп, "Боец", "Триколер ТВ" арналары таратқалы отыр.
Сәуір айындағы турнирде де негізгі жекпе-жекте Бейбіт Назаров ресейлік Аслан Алгереевті алғашқы раундта жеңіп WAFC нұсқасы бойынша Еуразия чемпионы атағына қол жеткізген болатын. Оған чемпиондық белдікті ережесіз жекпен-жектен Әлемнің біреше дүркін чемпионы атанған, Голливуд жұлдызы Олег Тоқтаров табыс еткен еді. Бейбіт енді Әлем чемпионының алтын белбеуін иеленуді жоспарлап отыр.
1987 жылы Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қақпақ ауылында өмірге келген Бейбіт биыл Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің заң факультетін бітіріп шықты. Оның спортта қол жеткізген табыстары толағай. Сағатбек Мұсахановтан тәлім алған ол осы уақытқа дейін 20 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті. Мәселен, жастар арасында джиу-джицуден Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2007 жылы панкратионнан Бішкекте өткен халықаралық турнирдің және Тараздағы супер жекпе-жектің жеңімпазы. Сондай-ақ былтыр ережесіз жекпе-жектен Қарағандыда болған халықаралық турнирде топ жарып, Бішкекте Азия чемпионы атағына қол жеткізді. Ал биыл Алматыда өткен «Алтын жұдырық» халықаралық турнирінде үздік шығып, WAFC нұсқасы бойынша Еуразия чемпионы атанды. Оның бұл жолғы қарсыласы кореялық Сео Сюнг ММА нұсқасының чемпионы және WXF нұсқасынан өз елінің жеңімпазы саналады. Бұған дейін 18 кездесу өткізген бұл спортшы да бірде-бір жеңілістің ащы дәмін татпаған.