Алматыда археологиялық мұражай туралы конференция өтуде

АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Археология мұражайының 40 жылдығына байланысты конференция өтуде. Оның жұмысы мұражайдың қалыптасу тарихы мен осы жылдар ішінде жеткен межелерін қамтитын бірнеше тақырып бойынша жүріп жатыр.

Археология мұражайы Қазақ КСР Ғылым академиясы Археология институтының жанынан 1973 жылы ашылған. Мақсат - республиканың археологиялық материалдарын сақтап, тұрақты түрде ғылыми зерттеу. 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап ол өз жұмысын Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының құрамында жалғастырып келеді. Археология мұражайы «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрамына 2010 жылдың маусымында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің бұйрығымен енді.